14 Маус 2022
Жаңалықтар ЖОББ Шежін

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн»

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанына байланысты мектебімізде іс-шаралар жоспарланып, бекітілді. Шараның басты мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару; ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала - ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру; жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың ауыр жұмысқа тартылмауының алдын алу; сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мақсаттар бойынша 10 сынып оқушыларына "Бала еңбегі" тақырыбында пікірталас өткізілді. Шара барысында «Балалар құқығы туралы Конвенциясына» тоқталып, бала еңбегін қанау жөнінде түсіндірмелер берілді. Заң бойынша 14-16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағат, 16-18 жас аралығындағы балалар аптасына 36 сағат ауыр емес жұмыс істеуіне болатындығы көрсетілгендігі туралы ескертілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар