Бүгін 1 қыркүйек-Білім күні мерекесіне орай 7 “А” сыныбы оқушыларымен “Білімге ұмтылу, еңбекқорлық,отаншылдық” тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың еңбекке деген ынта жігерлерін ояту, адамгершілік қасиеттерін шындау. Тәрбие сағаты Ұлы Абайдың “ Күллі адамзат халқын бұзатын үш нәрсе, әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі- залымдық” деген нақыл сөзінен бастау алды, осы нақыл сөзге байланысты оқушылар тәрбие сағатының тақырыбын тауып ашты. Сабақ барысында әртүрлі тренингтер, ситуациялық жағдаяттардан шығу жолдары қарастырылды. Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатылып, ұнаған жерлерін атап өтті.
http://shejin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalyqtar-shejin/14468-bilimge-mtylu-e-bek-orly-otanshyldy.html#sigFreeIdedb39c77c0