"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында OPEN AIR бағдарламасы аясында "Ашық аспан астындағы мектеп кітапханалары"атты акцияның жоспары бойынша "Кітап оқып, рухани бай бол" атты библиофреш өтті. Ашық аспан аясында бастауыш сынып оқушыларына ауыл балалар кітапханасы қонаққа келді. Балалар кітапханасының кітапханашысы З.Нурмуханова "Кітап оқып, көп білуге ұмтыл" атты кітап көрмесіне шолу жүргізді. Шолу барысында оқушыларға арналған қызықты да әдемі кітаптармен таныстырды.